Достық №11 орта мектебі

Мектеп туралы мәлімет 

Мектептің атауы:   «Алакөл ауданының Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі

Тұрған жері:   040212, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, Жансүгүров көшесі, №5 үй

Мектеп директоры: Куатова Гульнар Рысбековна

Ғимарат саны  2

Салынған жылдары  1960 жылы негізгі ғимарат, 1995 жылы қосымша ғимарат (бала бақша ғимараты)
Жалпы ішкі алаңы
  3222,3 ш.м.
Мектептің ашылған жылы
  1992 жыл
Оқушы саны
  484
Сыныптар саны 28

Сынып-топтамаларының саны-26 
Оқыту тілі
  қазақ тілі, орыс тілі
Ауысым саны-2

I-ауысымда- 215 оқушы; II- ауысымда- 193 оқушы

Қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда- 296 оқушы

Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда- 188 оқушы
Мектепалды даярлығындағы оқушы саны
  64
Мектепалды даярлығындағы сынып саны - 2
Мектеп жасына дейінгі шағын орталықта
  50 тәрбиеленуші, 2 топ         

Мұғалімдердің жалпы  саны  49

Тәрбиешілер саны-4

Мектеп қызметкерлерінің саны-30

Мектептің филиалдары- Жалаңашкөл бекетіндегі №12 бастауыш мектебі, Көктұма бекетіндегі №5 бастауыш мектебі

Оқушы саны-12

Сыныптар саны-3

Сынып-топтамасы-4


Мектеп тарихы

       1990 жылы 12 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы мен  Қытай Халық Республикасы арасында халықаралық жүк пойыздары жүре бастады, Дружба станциясы қайтадан ашылды.

      Дружба станциясында  1990 жылы 17 қаңтарда ведомстволық «Алматы темір жол бөлімшесінің № 25 бастауыш мектебі» мекемесі ашылды.

Мектеп директоры болып Есқараев Алтынбек тағайындалды. Мектептің оқу-тәрбие жүйесі саяси, экономикалық және мәдени мақсаттарға бағытталып, жаңа өмір талабына сай жүргізілді. Осы ауыр кезеңде мұғалімдер қатарында небәрі 5 мұғалім еңбек етті, олар Иманбаева Рахат, Қабдыкенова Балғын, Қабдоллина Зәуре, Абжамалова Ляззат, Есқараев Алтынбек.  

   1992  жылы 1 қыркүйектен бастап «Алматы темір жол бөлімшесінің № 25 бастауыш мектебі» мекемесі Алматы темір жол бөлімшесінің «Дружба бекетіндегі №48 орта мектебі» мекемесі болып қайта құрылды, оқушы саны-76 оқушы, екі тілде (қазақ тілі, орыс тілі) оқытылатын 1-11 сыныптар ашылды, шағын жинақталған сынып-топтамалары болды. Кадрлар саны толықтырылып, кәсіби сапасы арттырылды, мектеп директоры болып Шефтер В.В. еңбек етті.
 1995 жылы мектептің бастауыш сыныптарға арналған қосымша ғимараты пайдалануға берілді, мектептің жалпы көлемі 3222 кв.м. құрады.  Еңбек шеберханасы іске қосылды. Осы жылы Шефтер В.В. №14 Бескөл орта мектебіне ауысып, орнына Борисова Г.В. директор болып тағайындалды.

   1994 жылы Қазақстан Республикасы күніне орай Қытай Халық Республикасының делегаттары мектепке келіп, тәжірибе алмасып, оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады, спорттық іс-шаралар өткізілді. Оқу жүйесі саласындағы қарым-қатынас орнатылып, Алашаңқай станциясы мен Дружба станциясы арасында ұлғая түсті, мектепте қытай тілі оқу жоспарына еңгізілді..
       2000 жылы «Дружба бекетіндегі №48 орта мектебі» мекемесі «Дружба бекетіндегі №11 орта мектебі» мекемесі болып өзгерді,  мектеп директоры Қуатова Г.Р. болды. Оқушылар саны 684–ке жетті. Мұғалімдер саны–64 болса, оның 56–сы жоғары білімділер.

   2004 жылдың 29 наурызында Алматы облыс Әкімдігінің №46 қаулысымен «Дружба бекетіндегі №11 орта мектебі» мекемесі ЖАҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы»» ведомстволық меншігінен  Алматы Облыс Әкімінің коммуналдық меншігіне ауысып,        «Алакөл ауданының Достық кентінің №11 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
2008 жылы Алакөл ауданы Әкімдігінің қаулысы бойынша мектеп жанынан мектеп жасына дейінгі шағын орталық ашылып мектеп «Алакөл ауданының Достық кентінің № 11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар » мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 2008 жылдың 1 қыркүйегінде Достық кентінде 600 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды, осы мектепке қазақ тілінде оқытылатын 456 оқушы ауыстырылды.  


Ауқым және қолжетімділік

Меншік түрі: Мемлекеттік

Аймақтық белгісі: Ауылдық

Мектептің ауқымы: 300 оқушы

Қолжетімділігі: 520 оқушы

Қадрлық қамтамасыз ету

 

        Мектепте  барлығы - 51 мұғалім бар, оның - 48 жоғары білімді, арнаулы орта – 3.

Жоғары санатты – 4, бірінші санатты – 15, екінші санатты – 13 мұғалім. Еңбек өтілі 3 жылға дейінгі мұғалімдер - 8 (15 %), Зейнеткерлік жастағылар - 1   (2 %). Шағын орталықта 4 тәрбиеші жұмыс жасайды. Оның 3-еуі жоғарғы білімді, 1-еуі арнаулы орта білімді. Бірінші санатты – 1, санатсыз – 3.

     Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында нәтижеге бағытталған білім беру сапасын дамытумен қатар, құзырлық білім үлгісіне өту, жаңа педагогикалық технологияны оқып үйрену төңірегінде әдістемелік оқулар, семинарлар, жеке мұғалімдермен де әңгіме – сұхбаттар, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында курстардан өткізілді. Жыл сайын шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің аудандық семинарлары өткізіліп, онда мұғалімдердің іс-тәжірибелері таратылады. Атап айтсақ, жоғары санатты орыс тілі пәнінің мұғалімі Тажинова З.Б, химия пінінің мұғалімі Омарова Ж.З., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Омарова Ж.Р. және бірінші санатты орыс тілі пәнінің мұғалімі Омарова Б.З., математика пәнінің мұғалімі Дуйсебаева А.Т., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Саулетхан К.Б., тарих пәнінің мұғалімдері Иманбаева Р.О., Утепбергенов Д.А., физика пәнінің мұғалімі Жумабекова Н.К., география пәнінің мұғалімі Қанабекова С.К., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ибраева А.Ш.сияқты мүғалімдеріміз облыстық, Республикалық олимпиада, ғылыми жоба жырыстарына оқушыларын қатыстырып, жүлделі орындарды иеленді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық қамтамасыз ету 

 

«Алакөл ауданының Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

 

    мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесі

 

Лауазым атауы

Барлығы

1

Директор

1

2

Директордың оқу-жөніндегі орынбасары

2

3

Директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары

1

4

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

1

5

Педагог- психолог

1,5

6

Педагог ұйымдастырушы

1

7

АӘД бойынша оқытушы

1

8

Тәрбиеші

4

9

Бас бухгалтер

1

10

Бухгалтер

1

11

Медбике

1,5

12

Кіші мед.персонал

0,5

13

Библиотека меңгерушісі

1

14

Іс жүргізуші

1

15

Зертханашы

1,5

16

Хатшы

1

17

Қызмет бөлмелері бойынша сыпырушы

9

18

Ғимарат бойынша қызмет көрсететін жұмысшы

2

19

Гардеробшы

1

20

Күзетші

4

21

Вахтер

2

22

Тәрбиешінің көмекшісі

2,3

23

Шағын орталық меңгерушісі

0,5

24

Кір жуушы

1

25

От жағушы

1

 

Барлығы

43,8

 

 

 

Класс-комплектов-26

 

Всего часов -826

 

Число учащихся-484

 

Общая площадь зданий школы-3222,2 кв.м.

 

Полезная площадь-1878,1 кв.м.

 

Режим работы- двухсменный

 

Сумма расходов на содержание школы, предусмотренная бюджетом в 2012 году -90595 тыс. тенге

 

Из них:

 

Фонд заработной платы- 5254734 тенге;

 

Финансирование ФВ -1362 тыс.тенге;

 

Текущий ремонт- 400 тыс. тенге

 

 

 

 Сумма расходов на содержание школы, предусмотренная бюджетом в 2013 году -77749 тыс. тенге

 

Из них:

 

Фонд заработной платы- 620756 тенге;

 

Финансирование ФВ -1456,0  тыс.тенге;

 

Текущий ремонт- 270 тыс. тенге


 

Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылу сапасы 

 

«Алакөл ауданының Достық кентінің  №11 орта мектебі

 

мектеп жасына дейінгі  шағын орталығы бар»

 

мемлекеттік мекемесінің  директоры Г.Р.Куатова

 

                                                                                       

 

    Мектебімізде іске асырылып келе жатқан педагогикалық технологияларбілім сапасын көтеруге бағытталып, ұстаздар мен оқушыларға қолайлы жағдай жасау ұстанымы қалыптасқан.  Соңғы үш жыл ішінде мектебіміз  мемлекет тарапынан сапалы жабдықтармен толықтырылып жатыр. Бүгінгі күн талабына сай жабдықталған пән кабинеттері -физика, химия, лингафондық- мультимедиалық, биология, компьютер сыныбы, оқытудың көрнекі құралдары мен дидактикалық материалдары, медиатека, электрондық оқулықтар, әдеби кітаптар, интерактивті тақта бар, интернет жүйесі іске қосылған.

 

Білім сапасы : 2009-2010 оқу жылы – 53%, 2010-2011 оқу жылы – 54%, 2011-2012 оқу жылы-60 %. 

 

      Білім беру жүйесінің дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін білім беру жүйесін басқаруда жаңарту қажеттілігі туындады. Сондықтан ең алдымен өзгерістердің нәтижелерін нақтыладық, яғни, мектеп, ұжым, мұғалім және оқушы қандай болу керек деген сұрақтарға жауап іздедік. Біз білім берудің тиімді жүйесін, басқарудың жаңа құрылымын жасап, міндеттері мен, бағыттарды айқындадық.  Пән бірлестіктерінің  келелі мәселесі мектептің  біртұтас педагогикалық келелі мәселесінен туындайды.Жұмыстар жүйелі түрде жүргізілу үшін әрбір кезеңдердің жұмыс жоспарлары жасалды. Қазіргі білім беру парадигмасы мектепте тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыруды қажет етеді. Тұлғаға бағытталған оқытуда алдынғы орында білім беруді дараландыру мен сараландыру екендігі белгілі.    

 

         2009-2014 жылдарға алынған мектептің  «Жаңа педагогикалық технологияларға негізделген  білім беру мен тәрбиелеудің  моделін  қалыптастыру, мұғалімнің шығармашылығы және оқушының дарындылығын арттыру арқылы құзыретті білім сапасын қамтамасыз ету» келелі мәселесіменжұмыс жасалды. Келелі мәселенің мақсат- міндеттері айқындалып, кезеңдерге бөлінді және І кезеңнің жұмыс жоспарына талдау жасалып, ІІ кезеңнің жоспары жасалды. Келелі мәселенің мақсаты- мұғалiмдердiң   құзыреттілік қабiлеттерiн    қалыптастыру, оқу- тәрбие үрдісіне тиімді әдіс- тәсілдерді енгізу арқылы тұлғаның құзыреттілігіне, жан- жақтылығына қол жеткізу, оқушылардың бiлiм сапасы мен тәрбиелiлiктiң қажеттi   деңгейiн қамтамасыз ету.  Келелі мәселе кезеңдері: 

 

I-кезең.   Жобалау. 2009-2010  жылдар.

 

  • Өзектiмәселе бойынша ғылыми- педагогикалық  әдебиеттердiоқып үйрену, талдау.Осы тақырыптың негiзгi қиыншылықтарын анықтау.
  • Әдiстемелiк қызмет құрылымдарының және мұғалiмдердiң қызметтерiнiң мазмұнын анықтау.
  • Осы мәселеге негiзделгенғылыми- практикалық базанықұру.  

 

II-кезең.  Сынақтан өткiзу. 2010-2012 жылдар.

 

  • Мамандар үшiн әдiстемелiк және педагогикалық  оқулар ұйымдастыру.
  • Қалыптастыратын және орнықтыратын тәжiрибелер.
  • Озатғылым ментәжiрибежетiстiктерiненгiзу.

 

  III-кезең.  Қорытындылау. 2014  жыл.

 

  • Нәтижелердi рәсiмдеу жәнеқорытындылау.
  • Алынған нәтижелердi жинақтау, талдау, нақтысыныстаренгiзу.
  • Шығармашылықесептерін дайындау.
  • Өзектi мәселе бойыншағылыми-практикалықконференцияөткiзiп, тиiстiұсыныстарқабылдау.

 

І кезеңнің алғашқы жылының қорытындысында  келелі мәселе бойынша ғылыми- педагогикалық  әдебиеттерге талдау жасалды. Осы тақырыптың негiзгi қиыншылықтары анықталды. Жеке мұғалімдермен мектептердегі пән бірлестіктерінің мектептердің келелі мәселелермен жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік көмек берілді. Жыл бойы атқарылған жұмыстар: ғылыми-әдістемелік кеңес өткізу, әртүрлі педагогикалық проблемалар бойынша теориялық-практикалық семинарларға қатысу және ұйымдастыру, шығармашылық топтар, озат тәжірибе мектебі мен жас мамандар мектебін ұйымдастыру. Білім беру ісінің барлығы тұлғаға бағытталуы тиіс. Осы мақсатта мектептердің оқу- тәрбие үрдістеріне, әдістемелік қызметке жұмыс жоспарлары жасалып, жұмыстар жүйелі түрде атқарылады. 12 жылдық білім беруге дайындық жұмыстары мектептердегі бағдарлы оқытуды жүзеге асырудан басталады. Бағдарлы  оқыту жұмыстары жылдық жұмыс жоспарын құрудан басталды. Бағдарлы оқытуды жүзеге асыру жұмыстары төрт бағытта жүргізіледі: оқу базасымен қамтамасыз ету; мамандармен қамтамасыз етілуі; оқушылар контингентімен жұмыс; ғылыми- әдістемелік және психологиялық қызмет. Бағдарлы оқытуды енгізу  нақты бағдарға бағытталады және оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің қолданбалы немесе таңдау курстары есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.Мектептің жоғарғы сыныптарында бағдарлы оқытуды енгізудегі кемшіліктер жойылды. Біріншіден – мұғалімдер бағдарлы оқытудың сипаты мен мазмұны туралы мағлұматтармен қамтамасыз етілді, білімін жетілдіру курстарынан өткізілді, екіншіден –мектептердің материалдық – техникалық базасы жабдықталуда, үшіншіден – мектепте, қоғамда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оқушылар өздеріне қажетті бағдарды таңдауға мүмкіндіктер алуда. Олай болса, әлеуметтендіруге бағытталған бейіндік оқытуды жүзеге асыру қажеттігі туындады. 2006 – 2007 оқу жылынан бастап, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін орта мектептерінің 10 сыныптарында бейіндеп оқытуға жаппай көшу басталғандықтан мектептің Даму бағдарламасына «Бейінді оқыту»бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама бойынша мектеп ұжымының алдына бірнеше міндеттер айқындалып, жұмыс жоспарлары жасалды. Оқу жоспары бойынша анықталған бағыт, бейін бойынша таңдау және қолданбалы курстар ұйымдастырылды.Бейіндік оқытуды жүзеге асыру үшін  таңдау курстарына мектептің  жоғары біліктілік санатындағы, шығармашыл мұғалімдердің авторлық бағдарламалы жасалып сынақтан өткізілді. Бейінді оқыту бойынша бір ерекшелігіміз, теміржол мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, мамандық таңдау  бойынша дұрыс бағыт беру арқылы кәсіптік даярлық жұмыстарын нәтижелі іске асырудамыз. Оқушыларымыз «Теміржолдың Қазақстан экономикасына қосатын үлесі» тақырыбында ғылыми жұмыстармен айналысып, облыстық «Ғылыми жоба» жарысына қатысты. Мектеп түлектерінің басым көпшілігі теміржол жоғарғы оқу орындарында білімдерін шыңдап, білгір де білікті маман иелері атанып Достық кентіне оралып, теміржол саласында еңбек етіп жүргендері «Бейінді оқыту» бағдарламасының орындаудағы жетістіктеріміз деп айтуға болады.Даму бағдарламасының негізгі бағыты – инновациялық қызмет.Оқытудың тиімді әдістерін ұйымдастырудағы мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі талап деңгейіне көтеру. Сондықтан  қызмет құрылымдарын жетілдіру мақсатында экспертті – диагностикалық топ, мониторинг – рейтинг шығару тобы, шығармашылық топтар жұмыстары жандандырылды. Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында нәтижеге бағытталған білім беру сапасын дамытумен қатар, құзырлық білім үлгісіне өту, оқытудың тиімді әдістерін оқып-үйрену төңірегінде әдістемелік оқулар, семинарлар, жеке мұғалімдермен де әңгіме–сұхбаттар, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында курстардан өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мұғалімдердің деңгейі көтерілді, олардың көзқарасы өзгеріп, ізденіске ынталанды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда мұғалімдердің сапалық  құрамдары талданып, педагогикалық технологиялар  зерттеліп енгізілді, мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерін  көтеруге жағдай жасалды. Мониторинг пен рейтинг өзара тығыз байланысты. Рейтингтік жүйе әрбір оқушының,  мұғалімнің қабілеттерінің  даму мүмкіндіктерін нақты анықтап береді. Бүгінгі күні рейтингтік жүйе арқылы бағалау дәстүрге айналған. Мұғалімнің шығармашылық деңгейінің өсуі нәтижесінде дарынды балалармен жұмысты дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан дарынды балаларды анықтау, қолдау, олимпиада, байқау, ғылыми практикалық конференцияларға қатыстыру, материалдық ынталандыру мақсатында «Дарын» бағдарламасы құрылып, жұмыстар нәтижелі атқарылуда.


Материалдық-техникалық база 

       Мектеп ғимараттары саны-2;

      Салынған жылдары- 1960 жылы, 1995 жылы;

      Орналасқан жері-Жансүгүров көшесі №5 үй,Молдағұлова көшесі №18 үй;

      Мектептің ішкі алаңы-3222,2 ш.м.;

      Жобалық қуаты-300 орын, 90 орын;

      Жылыту жүйесі- автономдық, сұйық отын (солярка);

      Суық су жүйесі -орталықтындырылған;

      Кәріз жүйесі-орталықтындырылған;

      Кабинеттер саны-17

      Олардың жалпы көлемі-753 ш.м.     

      Кітапхана саны- 1, көлемі-50,3 ш.м., оқу залының болуы-жоқ;

      Медициналық кабинет саны-2

      Акт залы-1

      Спорт залы-1

      Спорт алаңы-1

     Оқу жабдықтарының саны:

     Оқушы партасы-427, оқушы орындығы-360, тақта-19, мұғалім столы-22, орындық-87, компьютер столы-19,

      кабинет шкафы- 37;

      Компьютер саны-16.

      Мектебіміз  мемлекет тарапынан сапалы оқу жабдықтарымен қамтамасыз етіліп жатыр. Бүгінгі күн талабына сай жабдықталған физика, химия, лингафондық-мультимедиалық, 2 компьютер кабинеті бар. Интернет жүйесіне қосылған. Жаңа модификациялық биология кабинеті оқытудың көрнекі құралдары мен дидактикалық материалдары, медиатека, электрондық құралдар, интерактивті тақтамен жабдықталған. 


 

Білім беру жүйесінің нәтижелері 

     Мектебімізде іске асырылып келе жатқан педагогикалық технологиялар білім сапасын көтеруге бағытталып, ұстаздар мен оқушыларға қолайлы жағдай жасау ұстанымы қалыптасқан.

Осының нәтижесінде біз жоғарғы жетістіктерге жетіп отырмыз.

    ҰБТ-да 2007 жылы   113   балмен - Мақсұтова Жадыра, 2008 жылы 123 балмен - Әскербек Айдана, 2009 жылы 118 балмен - Сұрабалдинова Маржан, 2010 жылы 121 балмен -  Байсалова Ботакөз өз білімдерін дәлелдеп Мемлекеттік «Алтын белгі» белгісі мен аттестат алды. 2011 оқу жылы 3 оқушымыз «Үздік аттестат» иегерлері атанды, олар : Құрмашева Сәуле, Сансызбаева Ақбота, Арымбаева Айнұр.

2009 жылы оқушымыз Омарова Назым география пәнінен Республикалық олимпиадада – III орынды иеленді.

2009-2010 оқу жылы Байсалова Ботакөз  орыс тілі пәнінен Облыстық олимпиадада  – III орын,  оқушымыз Сұрабалдинова Маржан Республикалық  интеллектуалды «ХХІ-ғасыр Көшбасшысы» ойынында жеңімпаз атанды. Жанатбекова Жұлдыз аудандық “Абай оқуларында” ІІ орын, Бекенова Арайлым, Нұрмұхамбетова Гүлсім, Бейісханова Балым «Ғылыми жоба» жарысынан жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

2011-2012 оқу жылында  аудандық олимпиадада қазақ тілі пәнінен Ислам Ажар – ІІ орын, Лемишенко Марина – ІІ орын, Титова Инесса – І орын, математика пәнінен Жумабаев Жандарбек- ІІ орын, Нурмухамбетова Гулсим – ІІІ орын, орыс тілі пәнінен Нурашева Адема – І орын, Мукубаев Нұрлан – ІІІ орын, тарих пәнінен Омирсерикқызы Айнур – ІІ орын, ағылшын тілі пәнінен Қайырылхантегі Қуаныш- ІІІ орындарды иеленді. 10 сынып оқушысы Титова Инесса қазақ тілі пәніненОблыстық олимпиада – ІІІ орын.  2012-2013 оқу жылында  аудандық олимпиадада қазақ тілі пәнінен Лемишенко Марина – ІІ орын, Титова Инесса – І орын, математика пәнінен Жумабаев Жандарбек- ІІ орын, орыс тілі пәнінен Сайлыгулова Ханша – І орын, Кусайнова Мадина – ІІ орын, тарих пәнінен Әскербеков Жанбек– І орын,Мауленова Мадина – ІІІ орын,информатика пәнінен Бейсханова Балым - ІІІ орындарды иеленді. 11 сынып оқушылары Титова Инесса қазақ тілі пәнінен Облыстық олимпиада І орын, Әскербеков Жанбек тарих пәнінен ІІ орындарды иеленді. Аудандық «Ғылыми жоба» жарысының жүлдегерлері : орыс тілі пәнінен Тұрсынбаева Айгерім – І орын, физика пәнінен Жумабаев Жандарбек – ІІІ орын, Нурашева Адема – ІІ орын.  «Ақбота» Республикалық интеллектуалды жарысының жеңімпаздары : Имаш Жанерке – І дәрежелі Диплом,  Ахмежанова Жанерке – ІІІ дәрежелі Диплом,  Даулетхан Дарын - ІІ дәрежелі Дипломды иеленді. Аудандық «Абай оқулары» мүшайрасынан Серикова Диана – ІІІ орынды иеленді. Аудандық «Ілияс оқулары» мүшайрасынан Мауленова Мадина – ІІІ орынды иеленді.

9 сынып оқушысы Тұрсынғалиев Бектұрсын «Самбо» күресінен Республикалық спартакиядада І орын, «Дзю до»  күресінен Республикалық спартакиядада ІІІ орынды иеленді.

«Самбо» күресінен Республикалық  турнирде 9 сынып оқушысы Жанатбек  Ернар ІІ  орынды иеленді.

 



     © Барлық құқықтары қорғалған. Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2011 ж.