Бескөл №14 орта мектеп

"Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"  мемлекеттік мекемесі

Бескөл бекетінің іргесі 1958 жылдың мамыр айынан бастап қалана бастады. Алғаш басталып салынған құрылыс нысандары: вокзал, асхана, клуб, дүкендер мен жатақханалар болды.
 1959 жылдың қаңтар айынан бірінші көше «Достық», наурыз айынан екінші   «Мир» көшесінде тұрғын үйлер бой көтерді. Алғашқы Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен жастар «Комсомолдық жолдамамен» келіп, құрылыс ісін жалғастырды. «Достық жолы» Бүкілодақтық екпінді құрылыс деп жарияланды. Құрылыстың басы «Алакөл» бекетінен басталып разьездерге таралып жатты. 1960 жылы «Алакөл» станциясының атауы өзгертіліп «Бескөл» станциясы деп жарияланды.
  «Бескөл» бекетінде құрылыс нысандары жан-жақты салына бастаған соң, негізгі құрылыстың бірі мектеп салу ісі қолға алынды. 1959 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі  Бескөл орта мектебінің құрылысы қолға алынды. Құрылыс 1961 жылы аяқталып, пайдалануға берілді.
   Мектептің ашылу салтанаты 1961 жылы 1-қыркүйекте өтіп, ең алғашқы мектеп директоры болып Лозовая Екатерина Степановна мектепті қабылдап алды. Сол жылы мектепке «Бескөл станциясының №254 орта мектебі» деген  атау берілді.
   Алғашқы түлектерден 1962 жылы комсомол ұйымы құрылып, оның қатарына 24 мүше қабылданды. Түлектердің көпшілігі екпінді  «Комсомол құрылысына» аттанып, темір жол салу ісін әрі жалғастырды.
    1962-1964 жылдары комсомол қатары 66 адамға көбейіп, олар «Бескөл» бекетінің көгалдандыру ісіне араласты. Стадион салынып, мектеп  тәжірибе алаңы пайдалануға беріліп,  мектеп бағы отырғызылды.
  Мектеп жанынан мектеп-интернаты ашылып, разьездердегі темір жолшылар балаларына жағдай жасалып, жатын орын, тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
  1977 жылы 24 тамызда Қазақстан  және Алматы теміржолдарының үлкеюіне байланысты  «Бескөл станциясының №254  орта мектебі»   «Бескөл станциясының  №56 орта мектебі» болып өзгертілді.
ОУЗ бөлімінің №57 бұйрығымен 1991 жылы 13-қаңтарында «Бескөл станциясының  №56 орта мектебі»  «Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі» болып бекітілді.
Мектеп темір жол бойында салынғандықтан оқу-тәрбие жұмысына толық басшылықты Алматы темір жолы жүргізіп отырды.
01.09.2002 жылы  Алматы облысының әкімінің шешімі бойынша «Бескөл ст.№14 орта мектебі» Алматы облысытқ коммуналдық - шаруашылық    меншігіне берілді.

Мектеп тарихындағы басшылық еткен директорлар:
1. Лозовая Екатерина Степановна           1961-1976 жылдары
2. Кудряшов Борис Александрович         1976.VI-дейін
3. Токарев Владимир Тимофеевич           1976-1983 жылдары
4. Каменовва Раиса Дмиртиевна              1983-1990 жылдары
5. Попова Тамара Фирсовна                     1990-1993 жылдары
6. Шефтор Владимир Васильевич            1993-2004 жылдары
7. Алтынбекова Алма Даулетханқызы     004.- 2007 жылдары
8. Тайкенова Гулнар Саяхатқызы                 2007 ж. қарашадан                 бүгінгі күнгі  дейін

Осы кезеңде еңбек еткен ардагер мұғалімдер:
1. Жук Т.А. - завуч, тарих пәнінен дәріс берді.
2. Шапошников В.Ф. - математика, физика .
3. Клименко М.О. – оқу ісінің меңгерушісі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
4. Архипова Е.П. - орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің  мұғалімі.
5. Рыжих Р.И. - оқу ісінің меңгерушісі, химия пәнінің мұғалімі.
6. Казимирова Н.Т. – физика пәнінің мұғалімі.
7. Богодист М.И.  - бастауыш сынып мұғалімі, Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мұғалімі атағын алды.
8. Шальнева М.В. – оқу ісінің меңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі.
9. Извекова Л.Н. - тарих пәнінің мұғалімі.
10. Салькова Н.Н - 1978 - 2009 жылдары  мектеп кітапханашысы болып еңбек етті.
11. Кальченко Г.М. - 1982 жылдан бері бастауыш сыныптарда дәріс беріп, бала тәрбиелеген ардагер ұстаздың еңбектері ескертіліп, 1989жылы Алматы темір жолының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 1993жылы  қыркүйекте «Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі» атағы берілді.
Осы мектеп қабырғасында еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздар:
1. Краснощекова Л.С. аталған мектепте 1979 жылдан математика пәнінен дәріс беріп, көптеген жетістіктерге жеткен жоғарғы біліктілік санаттағы ұстаз.         1988 жылы  «Алматы темір жол» мақтау грамотасымен, Алакөл аудандық партия комитетінің «Мақтау грамотасымен», РГП «Қазақстан темір жол» мақтау грамотасымен, 2005 жылы аудан әкімінің « Алғыс хатымен » марапатталып, мектептегі жас мамандарға тәлімгер, жастарға тәрбие беруде еңбек етіп келе жатқан қадірлі ұстаз.
    Ардагер ұстаздардан білім-тәрбие алған мектеп түлектері де оқу орындарын аяқтап, өз мектептерінде ұстаздық жолын жалғастырғандар:
1. Герасименко А.П. - АӘД пәнінің мұғалімі.
2. Коваленко А.П. - оқу-тәрбие жөніндегі директордың орынбасары, география пәнінің мұғалімі.
3. Мустафин С.И. - еңбек пәнінің мұғалімі. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт деп бағаланған, қолынан өнер тамған ұстаздың жұмыстары аудан көрмелерінен І-ші орын алып, облыстық көрмеде ІІІ - ші орынға ие болды.
4. Бобкова В.В. - орыс тілі пәнінің мұғалімі, 2004 жылы «Жыл мұғалімі » конкурсына қатысып, жүлделі І орынға иеленді.
5. Бурдюгова М.Н. - бастауыш сынып мұғалімі, 2005 жылы «Жыл сынып жетекшісі » конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
6. Подкорытова И.Н. - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алакөл аудандық  «Отан»  саяси партиясының грамотасымен марапатталған.
7. Каирбекова Е.Н. – химия, биология пәнінің мұғалімі.
8.Склярова Е.А.- бастауыш сынып мұғалімі.
9. Батеева А.Ғ.- математика пәнінің мұғалімі.
10. Мусанова М.С.- орыс тілі пәнінің мұғалімі.
Мектеп түлектері еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп, ел мақтанышына бөленген жандар:
1. Бондарев А.- Ресейдің Екатеринбург қаласында Заң саласында қызмет  етіп жүр, Заң Ғылымының докторы.
2. Архипов В.- Ресейдің Новосибирск қаласындағы Ғылыми Академияның жетекші қызметкері, альпинизмнен үш дүркін чемпион атанып, Спорт шебері.
3. Шварц В.-Астанада МСҚБ-тің бас дәрігері.
4. Гончаренко Ю.Д.-көп жыл Алакөл ауданының МАИ бастығы болып қызмет етті, қазір құрметті демалыста.
5. Толғанбаев Ғ.Ә.- Алакөл аудандық Әділет бөлімінің бастығы.
6. Құспеков Б.И.- Алакөл аудандық миграциялық орталықтың бастығы.

 Мектептің әскери және  мемлекеттік қауіпсіздік  саласындағы түлектері:
1. Владимиров В. - 1999-2003 жылдары Алматыда КНБ институтын бітіріп шығып, қазір в/ч 2484 «Үйгентас» шекара бастығы  болып әскери қызмет атқаруда.
2. Әлекеев Медет Абдуллаұлы.- Алматыдағы Б.Момышұлы мектебін бітіріп, Ақтөбе жоғары Авиация институтын бітіріп, Талдықорған авиация бөлімінде қызмет атқаруда.   
3. Камзин Еркебұлан- 2005 -2009 жылдары Алматы Жаяу Әскери Училищесін ойдағыдай аяқтап, қазір Алакөл ауданындағы әскери бөлімшеде қызмет атқаруда.
 4. Тойшыбеков Р.К. 2006 жылдан  Краснодар жоғарғы әскери авиация училищесінің түлегі.
5. Жолдыханов Мади 2008 жылдан Алматы  Жаяу Әскери Училищесінің курсанты.
Тәуелсіздік алғаннан кейін бескөлдік жергілікті халық өз балаларының ана тілінде білімін алуына тілек білдіріп, жоғарғы билікке ауық-ауық өтініш жолдап, облыстық «Қазақ тілі» қоғамына атсалысумен
1996 жылы Бескөл бекетінде алғаш қазақ сыныптарынан орталау мектеп ашылып, Бұлақты орта мектебінің филиалы ретінде 2002 жылға дейін сақталды.  2002 облыс әкімінің бұйрығымен Бескөл станциясындағы №14 орта мектеп қарамағына өтті.
№14 Бескөл орта мектебі 2002 жылдан бастап, Алакөл аудандық білім бөліміне қарап, 2004 жылы мектеп жанынан қосымша құрылыс салынып, ол сол жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Мектепте жаңа акті залы, буфет, ұлдар мен қыздарға арналған жеке технология пәнінің шеберханалар, химия, физика, шет тілдері, информатика кабинеттері жаңа талапқа сай жабдықталып берілді.
 Бұрын мектеп 270 орындық болса, енді 450 орындық мектеп болып жұмыс істеуде.
Осы істе ата-аналарды ұйымдастырып, басшылық еткен ұстаз А.Алекеевтің еңбегі ерекше зор. Ол Бескөл топырағында ұлттық мектептің орын тебуі үшін ана тіліне, діліне, ұлттық мәдениет пен салт дәстүрге адал ұстаздарды жинады. Олар:
1. Ә.Қорабаев-музыка пәінінің мұғалімі, дауласкер күйші, ардақты ұстаз
2. Ж.Оралбаева-биология пәнінің жоғарғы біліктілік санатты мұғалімі
3. Л.Байтубекова- қазақ тілі және әдебиет пәнінің жоғарғы біліктілік санатты мұғалімі
4. З.Акжанова-математика пәнінің мұғалімі
5. Р.Маркаева – тарих пәнінің мұғалімі
6. Б.Оразбекова-орыс тілі пәнінің мұғалімі
7. Л.Абдрахманова – физика пәнінің мұғалімі
8. Л.Базикенова – география пәнінің мұғалімі
9. Р.Мухамадиева – шет тілі пәнінің мұғалімі
1998 жылы «Ұрпақтар үні» атты домбыра оркестрі ұйымдастырылып, оның жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі А.Қорабаевтың  ағайдың еңбегі өте зор болды.
Оркестр аудан, облысқа танымал болып, түлегіміз Ж.Құлбеков  облыстағы  49 мектептің ішінен озып шығып,  лауреат атанып, аудандық  «Әнші балапан» конкурсында күй сайысынан үздік дипломмен марапатталды.

Барлық мұғалім саны-51. Жоғарғы біліктілік санатты-7, бірінші біліктілік санатты-20, екінші біліктілік санатты-19, санатсыз-5

Жоғары білімді-48, арнаулы орта білімді-3

Мектеп пән мұғалімдерімен толық қамтамасыздырылған

 

Сумма расходов на содерж.школы, предусмотр.бюджетом в 2013 г.- 87 млн 762

предусмотрено финансирование фонда всеобуча питание -1 млн 204, одежда-507 тыс., оздоровительный отдых-45 тыс.тенге


 

 Тәрбие жұмысы  төмендегі критерийлер бойынша құрылған:

- ҚР заңнамаларының орындалуын қадағалау;
- «Қазақстан – 2050» бағдарламасын жүзеге асыру;
- жалпыға бірдей оқумен қамту;
- жылдық тәрбие жоспарының орындалуы;
- ӨӨБҰ-ң қызметі;
- сынып жетекшілерінің жұмысы;
- патриоттық - елжандылық тәрбиесі;
- ізгілік, адамгершілік тәрбиесі;
- мектепішілік есеп;
- нашақорлық және басқа да зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу;
- ата-аналармен жұмыс;
- секциялар мен үйірмелер жұмысы;
- сынып жетекшілерінің іс-қағаздарды жүргізуі;
- мектептегі СӨС қалыптастыру және СПИД-тің алдын алу жұмыстарын  
  ұйымдастыру;
- құқықтық тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары;
- мемлекеттік рәміздерді құрметтеп насихаттау жұмыстары;
- өрт қауіпсіздігі, жолда жүру ережесін сақтау;
- жазғы демалыс іс-шаралары.

Бескөл станциясындағы №14 орта мектебінің  тәрбие бөлімінің келелі мәселесі:
 “Мен егеменді Қазақстан Республикасының азаматымын” деген рухта тәрбиелеп шығару. Таза ұлтжанды, алғыр да қайсар, инабатты да иманды ойын байсалды жеткізетін, ізденімпаз, жаңашыл, білімді халқына қайратты, еліне ардақты, келешек ел тұтқасын ұстайтын түлға тәрбиелеп шығару мақсатында жоспар жасалынды.

  Оқу жылының басында тәрбие жұмысына мынадай мақсаттар қойылды:
1. Сынып жетекшілерінің  ұйымдастырушылық, ізденімпаздық,
    шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
2. Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын қалыптастырып, одан әрі дамыту;
3. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау;
4. Ата – аналармен байланысты нығайту.

Болжамы:

   Болашақта ел тізгінін ұстайтын,білгір де білімді,өз-өзіне сын тұрғысынан қарай білетін жастар  тәрбиелеудің негізін қалыптастыруға қол жеткізеді.
Міндеттері:

1.Тәрбие саласы бойынша және педагогикалық-психологиялық білім           
    негіздерін,озық тәжірибелерді оқып үйрену.

2. Оқушыларды бүгінгі күн талабына сай тәрбиелеудегі қиыншылықтарды
    анықтау.
3. Оқушыларды диагностикалық зерттеу арқылы тәрбиелік деңгейін
    анықтау.
5. Ата – анамен, жергілікті әкімшілікпен, кітапханамен, ауруханамен,
    РОВД ұйымдарымен байланыста болу.

 

                                                         Мектептің тәрбие жұмысында барлық жоспардағы іс-шаралар толық өтті. Жоспардан тыс қалалық, аудандық және облыстық дәрежедегі іс-шаралар өткізілді.
 Оқушылардың ӨӨБҰ-ң жұмысы жақсы жолға қойылған. 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.Оқушылардың өзін-өзі басқаруын модельдеу, экспериментінің  бағдарламасы жасалды.
Мақсаты:
Жан- жақты тұлға тәрбиелеу Оқушылар мен жастарды Қазақстандық Отаншылдыққа, елжандылыққа, әлеуметтік шығармашылық қабілетке тәрбиелеу. Адамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік дүниетанымын, адамшылық мәдени қарым-қатынастардың негізін қалау.   Оқушыларды өз бетімен шешім қабылдауға, өзіне-өзі баға беріп, өзін-өзі жан-жақты жетілдіруге үйрету,өзін-өзі басқару арқылы қоғамның белсенді бір мүшелері ретінде түсінуіне жағдай жасау.Оқушыларды сапалы білім мен саналы тәртіпке, өзара біртұтас талап қоюшылыққа үйрету. Мектептің, қаланың, ауданның қоғамдық өміріне оқушыларды белсене араластыру.
 
БЕСКӨЛ  СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ № 14 ОРТА МЕКТЕБІНДЕГІ  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ


           

  Оқушылар арасында сайлау өткізіліп, президент сайланды. 9 орталық жұмыс істейді. Ұйымның жылдық жұмыс жоспары бар, ол тәрбие жұмысының жоспарымен сәйкес келеді. Әр орталықтың өзіндік жұмыс жоспарлары бар. Уақытша ережесі жасалып, мақсат, міндеттері айқындалған, жүйелі жұмыс істейтін ұйым. Жетекшілік ететін әкімшілік мүшелері мен мұғалімдер бекітілген. ӨӨБҰ-ң мектептегі оқу-тәрбие жұмысына пайдасы мен көмегі өте көп. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан тек бағыт беріп, бағдарлап отырса бұл жұмыстың берері көп. Мектепте ӨӨБҰ-ң ұйымдастыруымен сыныптар арасында білім мен тәртіп мәселелері бойынша рейтинг жүргізіліп отырады. Нәтижесі жыл соңында „Соңғы қоңырау“, салтанатты жиынында жарияланып, марапатталады. ӨӨБҰ-ң  көмегімен мектеп  ғимаратының ішін, мектеп  ауласын көгалдандыру жұмыстары,әртүрлі мерекелік іс-шаралар, демалыс кештері, өзін-өзі басқару күндерін өткізу, спорттық сайыстар мен байқаулар өтіп тұрады. ӨӨБҰ президенті апталық қорытынды жиындар өткізіп, сыныптардың кезекшілігінің жұмысын нәтижелеп отырады. Жылына 4 рет отырыс өткізіп, жоспар бойынша орталықтар мен сынып әкімдерінің есептерін тыңдап, білімі төмендеген немесе тәртібі нашарлаған оқушылар мәселесін де қарайды. Мектептің жалпы өзін-өзі басқару жүйесі негізінде сыныптардың да өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасқан, жүйелі жұмыс істейді.     


СЫНЫПТАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНИГРАММАСЫ


Қайырымдылық,акциясын өткізіп, ардагерлер мен зейнеткерлерге де қамқорлық жұмыстарын жасайды. 

Сынып жетекшілерінің жұмысы
Мектепте 24 сынып жетекшісі жұмыс атқарады  Жоспар бойынша жас сынып жетекшілерімен жұмыс та жолға қойылған. Барлық сынып жетекшілерінің сыныптың жас ерекшеліктеріне сай жасалған жұмыс жоспарлары бар, орынбасармен келісіліп,   директорымен  бекітілген. Сыныптардағы тәрбие  төмендегідей формаларда  жұмыс істейді: тәрбие сағаттары, , байқаулар, оқулар, жиналыстар,сауалнамалар, жарыстар, пікір алмасулар, дөңгелек үстел, кездесулер т.б түрде өткізіледі. Барлық сыныптарда ата-аналармен жұмыс та дұрыс жолға қойылған, мектеп оқушыларының ішінде мектепішілік немесе аудандық КЖТІЖБИ профилактикалық есебінде тіркелген оқушы жоқ. Соңғы 2009-2010 оқу жылында КЖТІЖБИ да 2 оқушы, мектепішілік есепте 2 оқушы тұрады. Бұлармен мектеп психологі жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Аптасына 1 рет әңгіме өткізіп, ата-аналарымен тығыз байланыс жасайды. Мектептегі жастар ұйымымен тәжірибелі ұстаздардан тәлімгерлер бекітілген. 2010 -2011 оқу жылында қылмыс жасағандар профилактикалық есепте тұрған және жиі сабақтан қалатын оқушылармен мектеп әкімшілігі психолог үнемі қадағалап тығыз байланыс жүргізуде.
        
Мектептегі Патриоттық - Елжандылық тәрбиесінің ұйымдастырылуы азаматтық-отансүйгіштік тәрбиеге негізделіп жасалған.
 4 бағытта жұмыс істейді:
1.Қазақстан-Республикам менің.
2.Туған өлкем-табиғаты көркем.
3.Атамұра тағылымы.
4. Экономикалық тәрбие.
5. ҚР мемлекеттік рәміздері.

      Жыл бойы мектептегі Конституция күні, Білім күні, Тәуелсіздік мерекесі, Жеңіс күні, Наурыз, Ұстаздар мерекесі, Рәміздерге құрметпен қарау мерекелік күндерінде оқушылар өте белсенді араласады. Қалалық Туға құрмет,  Желтоқсан құрбандарына құрмет көрсету акцияларына қатысып отырады. Мектепте Гимн байқауы өтеді. Оқушылар бойына туған елге, жерге сүйіспеншілік сезімдерін сіңіру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Бұл орайда оқушылар мен Аудандық қорық инспекциясымен арада үнемі тығыз байланыста жұмыстар атқарылып отырады. Қорық музейіне саяхаттар жасалып, табиғат аясындағы қорықтық  бөлімшелерге  жорықтар жасалып, инспекция қызметкерлерімен бірлескен сапарлар ұйымдастырылып отырады. Жыл сайын өтетін ,,Дүниежүзілік саябақтар шеруіне,, қатысып оқушыларымыз жүлделі орындар алып, бағалы сыйлықтар алып отырды жұмыстары  көрмелерге қойылды.
        
Адамгершілік тәрбиесі оқушының жағымды қасиеттерін қоғамда пайдалана білуге және басқаларға игі әсер ету қабілеттілігін дамытуға тәрбиелеуге негізделген. 

4 бағытта жұмыс істейді:
1. Ізгілік, имандылық, қайырымдылық тәрбиесі
2. Әдептілік, әдемілік, мәдениеттілік тәрбиесі.
3. Достық қарым-қатынастар тәрбиесі
4. Қыздар мен ұлдардың тәрбиесі.
5. Салауатты өмір салты.

Бұл бағытта оқушылар арасында әртүрлі мектепішілік іс-шаралар көптеп өтеді. Алтын күз, Мұғалімдер күні, Қарттар күні, Наурыз мерекесі сияқты іс-шараларға оқушылар белсене қатысады. Мектепте  қыздар мен ұлдар арасындағы жұмыс та дұрыс жолға қойылған. Мектептің әскери жетекшісі ұлдар тәрбиесімен айналысатын болса, психолог, сынып жетекшілері, валеолог т.б тұлғалар қыздар тәрбиесіне көңіл бөледі. Қыздар мен ұлдардың тек қана ұлттық тәрбие алуына ғана ықпал етіп қоймай, сонымен қатар, олардың  дене бітімдерінің дұрыс дамып жетілуіне де көп жұмыстар жүргізіледі. Әртүрлі спорттық іс-шаралар, байқаулар, жарыстардың бұл салада әсері мол. Қыз сыны, арулар байқаулары, пікір алмасулар /қыздар мен ұлдарды толғандыратын сұрақтар бойынша/, әңгімелесулер өткізіліп тұрады. Мектепте сәуір айында әдептілік онкүндігі жарияланып, нәтижесі шығарылып тұрады. Ерекше қабілеті бар оқушылармен жұмыста жоспарлы түрде жүргізіледі. Дөңгелек үстел басына жиналып әртүрлі интеллектуалдық жарыстар, клубтар жұмысы жүргізіледі. Жүлдегерлер міндетті түрде салтанатты жиында марапатталады.

Мектепте Құқық кеңесі, Құқықтық білім беру мектебі және құқық бұзушылықтың алдын алу  жұмыстары жүргізілуде. Мақсаты:  Оқушылардың өз көзқарастарын қалыптастыра білуге, өзіне -өзі сенімді болуға, өзін-өзі реттеуге тәрбиелеу, өз құқығы мен міндеттерін білуге тәрбиелеу. Оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасында құқықтық білім беруді ұйымдастыра отырып, құқықтық тәрбие беру арқылы заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған. Жұмыс формалары: тәрбие сағаттары, сынып сағаттары, қабырға газеттері, лекциялар, кездесулер, ашық есік күндері, ойындар, педкеңестегі лекциялар, ата-аналар жиынындағы кездесулер мен әртүрлі әңгімелесу жұмыстары. Құқық кеңесі мен Құқықтық білім беру мектебінің жұмыс жоспары бар, жылына 4 рет отырыстар өткізіп, жұмыстарына есеп беріп отырады.

Мектепішілік есепте тұрған 3 оқушы. Аудандық КЖТІЖБИ есебінде тіркелген оқушы –3. 

Аздаған  тәртіп бұзушылықтар болса оқушылардың ӨӨБҰ мен тәрбие бөлімі, сыныптық  ӨӨБ жұмыс істеп, тез арада тәртіпке салынады.
Құқықтық тәрбиеге байланысты ата – аналарға лекциялар, семинарлар өткізіліп жекелеген оқушылармен әңгіме жүргізіледі.
        

Құқықтық тәрбие

Біз Ата Заңды білеміз бе? Тақырыбына арналған білім сайысы

Қазақстан демократиялық, құқықтық, біртүтас, зайырлы, әлеуметтік мемлекет ұғымын түсіндіру


                  

Бала құқығы туралы Конституцияны оқып үйрену

Заң бұзушылық деген не?
 / кездесу/

Ата-аналармен тәртіп бұзушылық тақырыбына жиын өткізу

Қылмыс жасау білместік пе? Тақырыбына байланысты баспасөз беттеріне шолу.


Өз құқығын білетін, Конституциядағы міндеттерін орындайтын азаматты қалыптастыру.

Азаматтардың саяси, экогомикалық, әлеуметтік құқықтары әрдайым сақтала ма ? тақырыбы бойынша іскерлік ойын


Еңбек және кәсіби бағдар бағыты  бойынша мынадай мақсатта жұмыс жолға қойылған:
1. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
2. Мамандыққа бағдарлау, оқушылардың өз кәсіби бағдарын, болашағын анықтай алуға жол сілтеу. Мектеп оқушыларына арналған мамандық иелерімен кездесулер . Мектеп ішіндегі оқушыларды еңбекті сүюге, құрметтеуге бағытталған іс-шаралар, сенбіліктер, қалалық, т.б еңбек мерекелеріне қатысу, қоғамдық мүлікке көзқарас қалыптастыру жұмыстары өтеді.
Аудандық қоғамдық ұйымдармен жұмыс  тығыз ынтымақтастық байланыс орнатуға негізделіп жасалған. Үнемі  КЖТІЖБИ, қызметкерлерімен кездесулер, ашық есік күндері,  Балаларға педагогикалық –психологиялық көмек көрсету орталығымен, , Ақсақалдар алқасымен кездесулер, Әжелер алқасымен кездесулер, Өрт сөндіру мекемесімен ашық есік күндері, Аудандық қорық мұражайы қызметкерлерімен, олардың мұражайына саяхаттар, Шұбартүбек, Жарсуат т.б қорықтың аңдар мен құстар, өсімдіктер қорғалған бөлімшелеріне саяхаттар мен  жорықтар ұйымдастырылып тұрады, медбикелермен, нарколог дәрігерлермен кездесу ұйымдастырылып, оқушыларымыз керекті кеңес алуда.
        Ата-аналармен жұмыс мынадай мақсатты  жүзеге асыруға бағытталып, жоспарланған. Мектеп - ата-ана -оқушы арасында тығыз ынтымақтастық байланыс орнату. Жылына 4 рет жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып отырады. Ата-аналар комитеті құрылған, жұмыс жоспарлары бар. Жылына 4 рет отырыс өткізіп тұрады. Комитет төрағасы, оның орынбасары бар, комиссия құрылып жұмыс атқарады.
1. Жалпыға бірдей оқумен қамту комиссиясы.
 2.Мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру комиссиясы.
 3.Қаржылық-шаруашылық есеп комиссиясы.
 4.Педагогикалық білімдер негізі /лекторийлер/
  Ата-аналармен жұмыста мектеп оқытушылары АМСЭБ, Заң орындары, Қоғамдық ұйымдар мен мекемелер, Денсаулық қызметкерлерімен байланыс орнатылған. Отырыстарында төмендегідей мәселелер қарастырылады.
1.Жаңа комитет мүшелерінің міндеттерін айқындау, жұмыс жоспарын бекіту, қысқы маусымға мектеп ғимаратын даярлау жұмыстары.
 2.Ата-аналар арасында аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлақ көмек ұйымдастыру, Сыныптардың ата-аналар кеңесінің есептерін тыңдау, жаңа жылдық шырша мерекелік ертеңгіліктерін өткізуді ұйымдастыру жұмыстары.
3. Жалпы оқумен қамту комиссиясының есебі,Сыныптардағы тәрбиесі қиындық туғызатын оқушылар болса,олармен жұмыстар.
 4. Жазғы демалысты ұйымдастыру іс-шараларын жспарлау, мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жоспарлау, т.б мектепішілік іс-шаралардың өтілуіне атсалысып, көмектесу жұмыстарын қамтиды.Отырыс хаттамаларын жүргізіп, жиналыстарда  ата-аналар сөз сөйлеп, пікір алмасады.
Қамқоршылыққа алынған оқушылар 2, бұл оқушылармен мектеп психологымен бірлесіп, үнемі үй жайын айына екі рет бақылауға алып, тұрмыс жағдайымен танысып, қадағалап отырамыз. Қоғамдық инспекторымен бірлесіп жұмыс жоспары бекітіліп, жан жақты жаңданырылған жұмыс жүргізілуде.

Мектеп - 450 орындық типтік мектеп. Мектеп  ғимараты 1961 жылы салынып, 2004 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.
Қабат саны -  2. Құрылыс алаңы – 1427,7 ш.м., Құрылыс көлемі – 9144 ш.м., тұрғын алаңы – 2061,4. Бөлмелер саны– 63,  жалпы ішкі алаңы 2849,6 ш.м.
Спорт залы, акт залы, шеберханалар, буфет, кітапхана және қосалқы құрылыстармен  қамтамасыз етiлген.  Оқу-тәрбие үрдiсi 2 ауысымда жүргiзiлетiндiгiн ескерсек, пайдалы алаң, жылу, жарықтану (табиғи және жасанды) түзiмдерi санитарлық-гигиеналық  өлшемдерге сай. Ғимарат iшiнде  өртке қарсы және қауiпсiздiк техникасы ережелерi сақталған.  Медициналық қызмет көрсету үшiн 1 медицина кабинетi (2 бөлмелі), орта және кiшi медициналық түлғалар бар. 1 қабатта стоматология кабинеті орналасқан.
 Мекемеде 1 компьютер сыныбы, 2 интерактивтік тақталы. 1- физика  кабинеті бар. 1-Лингафонный кабинет,  1- Матиматика, 1- Химия кабинеті. Жабдықталған, паспортталған 6 оқу кабинетi бар.    Мiндеттi бiлiм стандарттарын және елiмiзде дене тәрбиесi мен  спортты дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға қажеттi  спорт инвентары бар. 2013 жылы спорт аланы жасалынды
Алакөл аудандық әкімінің  04.05.2005 жылы  №5-232 қаулысымен бөлiнген жалпы аумағы  1.7885 га. №1020202, жер учаскесінің кадастрлік номірі: 03-255-032-943 жер актiсi бар.
Мектепте сыртқы алаңында өрт гидранты орнатылған. Өрт гидрантының техникалық жағдайы дұрыс, сумен қамтамысз етілген, өрт автокөлігі баратын жол жасалған. Гидрант жарамы жағдайда, ҚР ӨҚЕ 1-б. 7-т бойынша көрсеткіш қойылған.
 2008 жылы «CHAPPI» пеші орнатылған. Бір  жылға жағатын сұйық отынының мөлшері – 34 490 литр болып есептелген. Сұйық отын  сақтайтын дүнгіршегі мектеп ғимаратынан 60 метр қашықтықыта жердің астына көміліп, орнатылған. Қазандығының түтін шығатын трубасының ені - 150 мм, биіктігі жерден – 22 м
Мектеп қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, жеткілікті мөлшерде жиһаздармен қамтылған.


             


 

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуі бойынша үш жылғы нәтижелерінің  қорытындысы

 
11 сынып оқушылар саны -32, ҰБТ-ге қатысқаны 30, орташа балл-66,1
2010 жылы  -Чанова Анастасия 116, Сегизов Тимур 118, Бурдюгова Виктория 110 балл көрсетті,

2011 жылы-Красков Максим-121 балл-"Алтын белгі" иегері, Алимбекова Гулимай-109 балл, Ахметова Айжан-106 балл, Зуев Алексей-107 балл

2012 жылы -Хасанова Мөлдір-106 балл-"Алтын белгі" иегері

 2013 жылы- Ербатырова Айгерим-110 балл-"Алтын белгі" иегері, Куанышева Таисия-114 балл, Насипказина Диана-105 балл, Нурмуханбетова Наргиз-90 балл

2008 – 2012 оқу жылдарды мектеп бойынша салыстырмалы түрде алатын болсақ қазақ бөлімінде 1,2 баллға, орыс бөлімі 10,7 баллға көтерілгені байқалады. Пәндер бойынша қазақ бөлімінде математика пәнінен 2008 жылмен салыстырғанда 4,3 баллға, қазақстан тарихы 0,3 баллға, биология пәнінен 5 баллға, география пәнінен 6,7 баллға жоғарылады, орыс бөлімі бойынша қазақ тілі пәнінен 0,9 баллға, математика пәнінен 6,9 баллға, қазақстан тарихы 2,2 баллға, орыс тілі 3,3 баллға, география пәнінен 6 баллға, физика 2,2 баллға жоғарылады.

2012-2013 оқу жылдарды мектеп бойынша салыстырмалы түрде алатын болсақ   қазақ бөлімінде пәндер бойынша математика пәнінен-0,3 баллға жоғарлады. Ал келесі пәндерден орташа баллы төмендеді: қазақ тілінен- 2,1 баллға , орыс тілінен-2,9 баллға , қазақстан тарихынан-1,3 баллға, физика пәнінен-7,6 баллға, биология пәнінен-1 баллға, география пәнінен -2 баллға және дүниежүзі тарихы пәнінен - 3 баллға.  Орыс бөлімінде орташа баллдары жоғарлады: Қазақ тілі-0,3 баллға, орыс тілінен-3,3 баллға, история казахстана-2,6 баллға, математика-3,7баллға, физика -0,5 баллға және биология пәнінен-6,3

 


     © Барлық құқықтары қорғалған. Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, 2011 ж.